Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Оңай» терминалдары жаппай істен шықты

Алматыда «Оңай» жүйесі жаппай істен шықты. Бұл туралы Green Bus компаниясының алматылық филиалының директоры Бауыржан Кулишев мәлімдеді.

Оның сөзінше, автопарктегі автобустардың 60 пайызында «Оңай» жүйесі істен шыққан.

«Қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бағдарламада ауытқулар болуы мүмкін. Оны анықтаймыз. Бізде күнделікті 50-60 ақау болып тұрады. Бірақ бүгін терминалдар жаппай істемей қалды. Троллейбус паркі, №1 автобус паркінің терминалдары істен шықты. Шамамен 300 көлік», – дейді Кулишев.

Өз кезегінде «Алматы қаласының көлік холдингінің» баспасөз хатшысы Алтай Сандыбаев терминалдардың істен шығу себебі анықталып жатқанын айтты.

«Қандай бағыттарда істен шыққанын анықтап жатырмыз. Жөндеу жұмысын жүргізетін топтар жіберілді», – дейді ол.

Оқи отырыңыз:

Жауынгер ақмолалық тұрғынның өмірін аман алып қалды

Астана тұрғыны сот залында жәбірленушіні ұрып-соқты

Энергетика министрлігі Қазақстанда радиоактивті заттар жайылып кетті деген ақпаратты жоққа шығарды

Гарвард пен Оксфорд университеттері қазақтың бүркітші қызын оқуға шақырды

Талқылау