Алматыда кортеж ұйымдастырғаны үшін 21 түлектің ата-анасы жауапқа тартылды

Алматыда соңғы қоңырау салтанаты қарсаңында қала мектептерінің бірінің түлектері қатысқан автокортеж тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін кортеж ұйымдастыруға тыйым салу туралы ескертуге қарамастан, бір топ түлек кортеж ұйымдастырып, жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін өрескел бұзды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 21 кәмелетке толмаған қатысушының ата-аналары бала тәрбиесіндегі міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды.
ОқыңызСонымен қатар полиция қызметкерлері Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде көзделген көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін бес әкімшілік хаттама толтырды. Көліктер тәркіленді.
"Алматы полициясы автокортеждерге жол бермеу туралы алдын ала ескертулер берді. Дегенмен кейбір азаматтар заңды елемеді. Полиция әрбір осындай оқиғаны тергейтінін атап өткіміз келеді”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, Алматы полициясы түлектер кортежінен бас тартуға шақырды.
"Жалаңаштанып айға қарап, рәсім жасайды": Батыс Қазақстандағы бір ауылдың тағдырын жат ағым қалай өзгертті?