Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Соңы қайғылы болуы мүмкін": Алматы полициясы түлектер кортежінен бас тартуға шақырды

түлектер кортежі
Фото: видеодан скриншот

Алматы полициясы соңғы қоңырау қарсаңында түлектердің ата-аналары мен мұғалімдеріне үндеу жасап, кортеждерден бас тартуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы қалалық полиция департаментінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Тимур Ноғайбаев мерекелер кезінде балалардың қауіпсіздігі мен қылмыстың алдын алуға ерекше назар аударылатынын атап өтті.

"Біз жыл сайын мерекелік іс-шаралар бақылаудан шығып кететінін байқаймыз. Коттедждерді жалға алу, алкогольді ішімдіктерді ішу, көлікті өте қауіпті жүргізу және "кортеждер". Жасөспірімдер әсерлі видео түсіру үшін жол қозғалысы ережелерін бұзып, бұл қайғылы аяқталуы мүмкін”, – деді Тимур Ноғайбаев.

 Сөзінше, полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді. Дегенмен ата-аналар мен мұғалімдерд де балалардың қауіпсіздігі үшін атсалысуы керек дейді.

“Балаларды бақылаусыз қалдырмауды, көлікпен жүруге рұқсат бермеуді және олармен үнемі байланыста болуды сұраймыз. Полиция балалардың қауіпсіздігіне жету үшін бірыңғай күш-жігер жұмсауға шақырады”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, Таразда түлектер кортежі басқа жолаушыларға жолда кедергі келтірген еді.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 21 Мамыр, 2026 12:26