Алматыда кілем жуам деп суға кеткен жүкті келіншектің денесі табылды
Үлкен Алматы каналына суға кеткен әйелдің денесі 5 күннен соң табылды.

Фото төтенше жағдайлар департаментінен
Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1986 жылы туған әйелдің денесі суға батқан жерден 30 шақырым қашықтықта табылды.
Оқиға 23 шілдеде Еңбекшіқазақ ауданында болған. Күйеуі мен әйелі каналға кілем жууға барған. Әйелі абайсызда суға құлап кетіп, мерт болды.
Марқұмның денесін іздеу үшін каналдың су деңгейі азайтылды. Бұл жерде суға түсу, кілем жуу қауіпті.
Марқұмның күйеуі оқиғаның қалай болғанын айтып берген еді.
Бұған дейін Астанадағы Нұра-Есіл каналдында кілем жумақ болған қызы мен анасы суға кетіп мерт болған еді.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
"Балам мектепке бармаймын деп жылайды": Қазақстандық әйел баласына бұралқы иттер шабуыл жасағанын айтып, шағымданды
Оксана: "Адамдардың үйінде асырап отырған мысығын, қояны мен тауығын жеп кетті"
Қазақстан соғыс ардагерлеріне басқа елдермен салыстырғанда көбірек төлейді
Төлемдер республикалық бюджет есебінен қаржыландырылады және ардагерлердің барлық санатына толық көлемде беріледі