Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада анасы мен екі қызы кілем жуып жүріп қайтыс болып кетті

Астанада 43 жастағы әйел мен екі қызы Нұра-Есіл арығында кілем жуып жүріп қайтыс болып кетті, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

Астанада анасы мен екі қызы кілем жуып жүріп қайтыс болып кетті

Сурет: көрнекі сурет/jalal-abad-t.turmush.kg

Оқиға 14 шілдеде сағат 15:28-де орын алған.

«ТЖК-ның өңірлік орталық аэромобильді жедел құтқару отрядының құтқарушылары қайтыс болғандардың мәйітін судан алып шықты. Оқиға қаланың шетіндегі Нұра-Есіл арығында болған.

1975 жылы туылған анасы және 2006, 2007 жылғы екі қызы кілем жуып жүріп абайсызда суға құлап, батып кеткен», – делінеді хабарламада.

Ведомствода мәлімденгендей, аталған орын кілем жууға арналмаған.

ТЖК мәліметінше, 9-15 шілде аралығында Қазақстандағы өзен-көлдерде 46 адам, оның ішінде 11 бала батып кеткен.

«Республика бойынша құтқарушылар 116 адамды құтқарылды. Оның ішінде 38 бала бар. Қайғылы жағдайдың негізгі себептері – өз күшін артық бағалау, қатты ағыс, аяқ—қолдың тартылып қалуы. Осындай 123 жағдай тіркелді. Оның 36-сы бала», – делінеді хабарламада.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау