Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда ер адамды пойыз қағып кетті

Алматы теміржол вокзалында қайғылы оқиға болды. Шамамен 40-45 жас шамасындағы ер адам пойыздың астына түсіп мерт болды. Бұл туралы Семиреченск көлік прокуратурасынан хабарланды, деп жазды ҚазАқпарат.

20170112121712

«Таңертең Медеу-Алматы темір жолында Новосібір-Алматы бағытындағы №301 жолаушылар пойызы жедел тежегішті қосуға мәжбүр болды. Анықталғандай, пойыз өз жолында 40-45 жастар шамасындағы ер адамды қағып кетті. Ауыр жарақаттан ер адам сол жерде қаза болды», – деді прокуратура өкілдері.

Құзырлы органдар қаза болған ер адамның кім екенін анықтауға кірісті. Ал төтенше жағдайдың салдарынан пойыз 25 минутқа бөгелді. Аталған іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз:

Халыққа қызмет көрсету орталығында қаза болған ер адамның өліміне қатысты жаңа деректер шықты

Алматы облысында төсегінде жатып темекі шеккен тұрғын ажал құшты

Шипажай қызметкері демалуға келген қонақтың қымбат заттарын тонап кетті

Алматыда жезөкшелік сауданы қыздырып отырған жеті мекен-жай анықталды

Талқылау