Алматыда базар маңындағы бес бутиктен өрт шықты
Алматыда базар маңында тамақтану орындарында орналасқан бес бутиктен ірі өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға 20 тамыз күні Түрксіб ауданында Сүйінбай даңғылындағы базар аумағында қоғамдық тамақтану орындары орналасқан бутиктерде болған.
“Алғашқы бөлімшелер келген кезде бес бутикте ашық жалын байқалды. Өрт сөндірушілердің күшімен оттың көршілес үй-жайларға одан әрі таралуына жол берілмеді. Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ”, – делінген хабарламада.

ТЖМ кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертті.
Алматылық ерлі-зайыпты заңгерді өздеріне шабуыл жасап, қоқан-лоқы көрсетті деп айыптады
Автор: "Бізді біреу өлтіріп кетсе, оның кім екенін білесіздер”
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді