Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қытайлық кәсіпкер мен Қазақстан азаматтары соттасып жатыр

Алматы облысы Іле аудандық соты Тұтыбаев Бақытбек пен Жолтабаров Асқардың шағымы бойынша Қытай азаматы Қонай Мәсіпханға қатысты істі қарап жатыр. Бірі көлемді ақша бергенін, оны ала алмағанын, ал айыпталушы ешқандай қарызы жоғын айтады.

court

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Сот барысында ең көп айтылған сөздер “білмеймін” мен “есімде жоқ” болды. Себебі бұл 10 жыл бұрынғы оқиға. Жәбірленген тараптың сөзінше, цемент әкелуге уағдаласқан қытайлық кәсіпкер Қонай Мәсіпхан ірі көлемде ақша алып, қайтармаған. Алайда кәсіпкер ешкімге, ешқандай берешегім жоқ дейді.

“Сол уақытта есеп айырысудың бәрі 2007 жылы біткен. Ешқандай қарыз емеспін бұларға, Асқар Тұтыбаевқа да, Жолтабаровқа да қарыз емеспін. Олардың бәрі біткен. Бұлар өзі бір топ қой деймін, әсілі, адам жинап әкеліп мені осындай күйге түсіріп қойды. Екі жыл болды жүрмін осы жерде. Не жұмыс істей алмаймын, зауыттарым тұр, Өскеменде де, Алматыда да, екі компанияға арест қойып тастаған”, – дейді айыпталушы Қонай Мәсіпхан.

Қарыз ақшаны, тиісті цементті қайтарғанымды дәлелдейтін куәгерім бар, Қытайдан алдырамын деген Қонай мырза о баста тек Асқар Тұтыбаевпен келісім болғанын, ақшаны содан алғанын, тіпті, қолхаттарда соның аты жазылғанын нақтылады. Неге екені түсініксіз, шағымды Бақытбек Тұтыбаев түсірген. Алайда Тұтыбаевтардың ешқайсысы сот отырысына келе алмады.

Асқар Тұтыбаев бұған дейінгі отырыстарға қатыстым десе, екінші тарап оның мүлде келмегенін айтады. Ал өзге азамат 10 вагон цементке 81 мың доллар бердім дейді. Бірақ жазбаша келісім болмапты.

Алғашқы отырыстарға тілшілердің қатысуын қаламаған жәбірленуші тарап бұл жолы келісім берді. Ал қытайлық кәсіпкердің қорғаушысы істе қателіктер мен күмәнді тұстардың көп екенін жасырмайды. Жеті томдық материал қатталған қылмыстық істің келесі отырысы 5 сәуірге белгіленді. Жарас Ниязбек, Сергей Шуйский. ИБ, Алматы облысы.


Жіберіп алмаңыз:

Жолаушы метрода сүйіскен жігітті балағаттап, вагоннан теуіп түсірді

Дәретхана алдында жатқан Абай суреті бар кілемше жұртты ашуландырды

Ақмолалық азамат алғашқы махаббатын 50 жасында жолықтырып, отбасын құрды

Алматы қаласында пәтер бағасы миллион теңгеге арзандаған

Талқылау