Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дәретхана алдында жатқан Абай суреті бар кілемше жұртты ашуландырды

Абай Құнанбаевтың суреті бейнеленген кілемші жұртты шулатты. Бар мәселе оның адамның аяғының астына төселуінде болып отыр.

0';p

Әлеуметтік желілерге бірнеше сағат бұрын Абай бейнеленген кішкене кілемшенің суреті жүктелді. Аталған кілемше жұрттың наразылығын тудырды. Бар мәселе оның дәретхананың кіре берісіне төселуінде болып отыр. «Деңгейіне сай сый. Абай Құнанбаев кешіретін шығар… Бар болғаны сіздер әлі жетіліп үлгерген жоқсыздар» деп жазады автор суреттің тұсына.

Аталған суреттің қай қалада түсірілгені белгісіз. Есіктегі жазу орыс тілінде жазылған. «Осындай мәңгүрттерді Алла кешірсін. Басқа айтарым жоқ», «Бұл жай ғана сурет», «Атып, азаматтығынан айыру қажет!», «Өздерінің сана-сезімдерінің қаншалықты төмен екендіктерін көрсетіп жатыр», «Дәретханаға кірген адамдардың мұны байқамай ма сонда? Неге оны алып тастамайды?», «Ұлтына деген махаббаты биік болса, мұндай масқараға жол бермес еді» деп жазады желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Ақмолалық азамат алғашқы махаббатын 50 жасында жолықтырып, отбасын құрды

Алматы қаласында пәтер бағасы миллион теңгеге арзандаған

Елімізде қазақ ұлтын сақтап қалу мақсатында «Шетелдіктермен некелесу» туралы заң құрастырылды

Қазақстандық адамзат тарихындағы ең қиын үш есептің бірін шығарды

Талқылау