Қазақстанда қазақ ұлтын сақтап қалу үшін «Шетелдіпен некелесу» заңы қабылданды

Министрлер кабинеті құрастырған «Шетелдіктермен некелесу» туралы заң қазақ қыз-жігіттерінің басқа мемлекет азаматтарымен көңіл қосуын қиындатады, – деп хабарлайды Stan.kz үкеметтегі өкіліне сілтеме жасай отырып.

рпма

«Қазақтар өздерінің келбетін, мәдениеті мен тілін сақтап қалуы тиіс», – дейді заң құрастырушылар.

СІМ шетелдік азаматтарға ағылшын тілінде курс өткізіп, нәтижесінде оларды қазақ отбасына әзірлейді. Курс аяқтала салысымен қолдарына арнайы сертификат беріледі. Шетелдіктер қазақ дәстүрлеріне қатысты тест тапсырып, қайын жұртына қандай қарым-қатынас көрсететінін айтып береді.

Қазақ ұлтының жойылып кету қаупі еліміздің заң құрастырушыларын алаңдатып отыр. Осы орайда, олар қазақ қыздарына үйленбек ниет білдірген шетелдіктерге салық төлетпек.

Салық көлемі дамыған мемлекеттер (Европа, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия, Канада, Оңтүстік Корея, Жапония) үшін 3 мың АҚШ долларын, ал дамушы ТМД елдері (Ресей, Түркия, Қытай) үшін 2 мың долларды және үшінші әлем елдері үшін 500 долларды құрамақ. Оны АХАЖ-ға арыз жазған кезде төлеулері керек болады.

Дәл осы салықтың арқасында аралас некелердің саны күрт азаяды деп күтілуде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр