Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушы метрода сүйіскен жігітті балағаттап, вагоннан теуіп түсірді

Журналист Хагани Сафароглуның метрода сүйісіп тұрған жасөспірімдер туралы жазбасы жұрттың наразылығын тудырды. Аталған жазба түрлі басылымда жарияланды. Бірі жастардың әрекетін құп көрсе, екіншілері мұны тәрбиесіздікке балаған-ды.

_95410357_gettyimages-175692718

Бұл туралы BBC басылымы хабарлайды.

Журналистің айтуынша, шамамен 17 жастағы жасөспірімдер оның балаларының көзінше ұялмастан сүйісіп тұра берген. Ол жігітті «есек» деп балағаттап, вагоннан теуіп түсіріп жіберген екен.

«Арада ешқандай сөз таластыру болған жоқ. Теппегенімде ол менің баламның аяғын басып кетер еді. Осының барлығынан кейін жігіт кешірім сұрап, пойыздан түсіп кетті. Менің мақсатым – қоғамдық орындарда мұндай ерсі қылықтар жасауға қарсылық», – дейді ол.

Жастар аталған жазбаға қарсы екендіктерін білдірді. Олар өз кезектерінде «Сен метрода сүйісіп көрдің бе?» атты флешмоб ұйымдастырды. «Осы тұста қоғамдық орында сүйісу мәселесу туралы айтып өткім келеді. Соғыстан кейінгі жылдары жастарға Париж көшелерінде тұрып сүйіскендері үшін ақша төленген болатын. Билік осылайша қаланың романтикалық келбетін қайтармақ болды», – деп жазады желі қолданушысы Анна Зелькина.

«Меніңше, сезімге ерік бергенде тұрған ешнәрсе жоқ. Күйеуіммен үнемі әуежайда сүйісіп көрісеміз. Кейде мен аэрофобиямнан айырылу үшін ұзағырақ сүйісеміз. Әрине, одан арғысы ұяттау. Әсіресе метрода жұрт мұның барлығын амалсыз отырып тамашалауға мәжбүр болады», – дейді Елена Романова.

Сафароглуның жазбасын метрополитен қолдамады. Олар заң жүзінде де мұндайға шектеудің жоқ екенін айтып жатыр. Кей мұсылман және Үндістан мемлекетінде жұрттың көзінше сүйісіп, аймаласуға қатысты қатаң тыйымдар салынған. Жастар бұл ережерлерге бағынбағандары үшін сотталып кетулері де мүмкін.

2003 жылдың қараша айында «Столичная газета» қоғамдық орындарға сүйіскендерге айыппұл салынатыны туралы хабар таратты. Арада 10 жыл өткен соң «Большой город» басылымы қай станцияда қанша адам сүйіскенін санап шыққан.


Жіберіп алмаңыз:

Дәретхана алдында жатқан Абай суреті бар кілемше жұртты ашуландырды

Ақмолалық азамат алғашқы махаббатын 50 жасында жолықтырып, отбасын құрды

Алматы қаласында пәтер бағасы миллион теңгеге арзандаған

Елімізде қазақ ұлтын сақтап қалу мақсатында «Шетелдіктермен некелесу» туралы заң құрастырылды

Талқылау