Шымбұлақты басып қалған қар алматылықтарды шошытты (видео)
Бүгін Алматы облысының бірқатар аудандары мен Алматы қаласының таулы аймақтарында қар жауды. Алматылықтардың құбылмалы ауа-райына “еті” үйренген. Әйткенмен, жаз мезгілінде қар түседі деген ой ешкімнің ойына кіріп шықпаса керек-ті. Ақ ұлпа қарды көрген жұрт таңырқап, оны бірден таспаға түсіріп жатты.

“Қазір бұл жерлерде 1 градус жылылықты көрсетіп тұр. Кеше осы өңірлерде жаңбыр жауып, оның соңы қарға ұласты. Таулы аймақтарда қардың жаууы қалыпты жағдай саналады. Ертең күн ашық болады деп болжанып отыр. Алматы облысындағы орташа ауа температурасы +23 градус болады. Таулы аймақтарда одан төмен температураны көрсетеді”, – дейді «Казгидромет» РМК Алматы бөлімшесінің инженер синоптигі Илиева Арзыгүл.
Кеше әлеуметтік желі қолданушылары Шымбұлақ, Мыңжылқы арасында қар түсті деген ақпарат таратып, суреттерін жариялаған болатын.
Тағы да оқыңыз:
ШҚО-да ер адамды жөндеп жатқан автобусы басып қалып мерт қылды
Ақтауда әйелімен жанжалдасқан ер адам абайсызда балконнан құлап мерт болды
Ұяты бар ұры екі қолын көлікпен басып өтуді жалынып сұрады (видео)
Қазақстандықтарды қарапайым су есептегіштерден әлдеқайда қымбат "ақылды" су есептегіштерді орнатуға міндеттеді
Тұрғын: "Неге қызметкерлерінің жұмысын жеңілдететін есептегіштердің құнын тұтынушылар өз қалтасынан төлеуі керек?"
Жаңа Конституция күшіне енеді, самокаттардың жүруіне шектеу қойылады: Қазақстанда 1 шілдеден бастап не өзгереді?
Сейсмикалық, сел және көшкін қаупі сияқты табиғи тәуекелдерге ерекше көңіл бөлінеді