Алматы облысында екі адамның өліміне қатысы бар күдікті ұсталды
Сарқан аудандық соты екі адамның өліміне қатысты бар деген жергілікті тұрғынды қамауға алу туралы санкция шығарды.

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Облыстық полицияның берген мәліметі бойынша, 4 қазан күні Сарқан АІІБ кезекші бөліміне жергілікті жедел жәрдем бөлімінен қоңырау түсіп, шақыру бойынша барған дәрігерлер жеке меншік үйлердің бірінде зорлықпен өлтірілген екі адамның мүрдесін тауып алады.
Ол 61 жасар үй иесі мен оның үйінде бөлме жалдап тұрған 34 жасар әйелдің денесі екені анықталды.
Күдікті қашып кету мақсатында, Сарқаннан жолға шыққан кезде ұсталды.
“Екі адамның өліміне қатысты болған қылмыстық іс облыстық полиция департаментінде тергеу ісі жүргізіліп жатыр. Қылмыс жасалған құрал табылып, қылмыстық істің материалдарына тіркелді”, — деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Тағы да оқыңыз:
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған