Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы мен қала маңында тылсым елес көрінетін жерлер бар

Сіз мистикаға сенесіз бе? Елес толы мекенге барып көріп пе едіңіз? Жалпы жадыңызда жатталып қалатын, есіңізге түскенде денеңіз тітіркенетін өмірде жайттар кездесіп жатады. Алысқа бармай-ақ  Алматыда және қала маңында мистикалық жерлер жеткілікті.

Ел арасында бұл мекендер туралы алып-қашпа әңгімелер де айтылып жүреді. Ең қорқынышты әрі құпияға толы жерлер қайда орналасқан, деп жазады Алматы арнасы.

«Қазақстан» кинотеатры

Аңызға сенетін болсақ, 90 жылдары ұйымдастырылған дискотекалардың бірінде жас жігіт өлтірілген. Қылмыскерлер оның денесін басқалар біле бермейтін жерге жасырып қойған. Іздеушілер араға тек бір апта салып барып, оны тапқан. Сталкерлер жүргізген тәжірибелердің бірінде адам жоқ бөлмеде дыбыстар естіліп, ақауы жоқ жарық шамы өздігінен сөнген. Қараңғы және тыныштықта адамдардың құлағына «Тынысым тарылуда» (Душно мне) деген дауыс естілген.

Алматы-Бішкек тас жолы

Көрген адамдардың әңгімесін естісеңіз денеңіз түршігері анық. Дәл осы жолда жүргізушлердің кейбірі қыздың бейнесін көрген. Ақ көйлек киген қыздың қарапайым бойжеткеннен не айырмашылығы бар деп ойларсыз? Бірақ куәгерлердің айтуларынша, әдемі келген қыздың аяқтарының орнына тұяқтар өскен. Ол Ыстық Көлден түнгі уақытта қайтып келе жатқан көліктерге қол көтеретін көрінеді. Адамдардың айтуынша, оған тоқтап, жөн сұрасқан жүргізушілер көлік апатына түседі екен.  Қыздың қайдан және қалай шыққаны әлі күнге дейін жұмбақ.

Жандосов көшесі

Алматылықтар Жандосов көшесінде қыздың жаны ұшып жүреді деседі. Адамдардың айтуларынша, аялдамада автобус күтіп тұрған қызды көлік қағып кеткен. Куәгерлердің айтуынша, бұл қыз көліктің салонынан көрінеді. Сондықтан бұл оқиғадан хабардан жүргізушілер дәл осы көшеден жолаушы қыздарды алмауға тырысады.

Медеудегі қаңыраған үй

Бастапқы жоспарға сәйкес «Медеу» мұз айдынының маңындағы үй мейрамхана кешені ретінде салынуы керек болған. Бірақ құрылысқа араласқан адамдардың айтуы бойынша, жұмыс істеуге бір тылсым дүние кедергі келтіреді екен. Түнгі уақытта түрлі дыбыстар шығып, адамның мазасын қашыратын көрінеді. Бірі бұл үй иесін және оның отбасын біреулер өлтірген, сондықтан олардың жаны тыным таппаған деседі. Сондықтан олардың жаны сол жерде кезіп жүретін көрінеді. Ал енді біреулер бұл жерде кезінде зират болғандығын алға тартады.

Қапшағай – Алматы тас жолы 

Қапшағай мен Алматы қаласын байланыстырып тұрған тас жолда көлік апаты жиі болатындығы бәрімізге мәлім. Жастарды былай қойғанда, бірнеше жылдық тәжірибесі бар көлік жүргізушілері де кейде аварияға түсіп жатады. Халық аузында жүрген әңгімелерге құлақ салсақ, тас жол зираттың үстінен төселген деседі. Сондықтан қабірде жатқандардың жандары сол маңда кезіп жүретін көрінеді. Тіпті жол етегінде қол  бұлғап тұрған қыздың бейнесін көрген жүргізушілер де көптеп кездеседі.

Қаңыраған ҰОС госпиталі 

40 жылдардың аяғында Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектерге арнап салынған ғимарат. Кейінгі жылдары бұл мекемеде Ауғанстан ардагерлері де ем қабылдаған. Жер сілкінісі барысында шатыры құлаған госпиталь қаңырап қалды. Десе де, адамдардың кетуіне зілзала ғана түрткі болмаған, өзге бір тылсым дүние әсер еткен дейді ғимаратты аралағандар. Мекеме ішінде қалған дүниелер қарасаңыз,  адамдардың асығыс, бір нәрседен қашқандай, заттарын жарты жолда қалдырып кеткендерін көруге болады екен.

Тағы да оқыңыз:

Ер адам өзін аңдыған елес баланы суретке түсіріп алды (фото)

Қазақстандық жүргізушілерге қандай жағдайда куәліксіз көлікпен жүруге рұқсат беріледі

Зәріңді төкпе, бізде ауысым болып жатыр деді: Шымкент тұрғыны сәбиінің өліміне дәрігерлерді кіналайды

Талқылау