Алматының полиция департаменті шаһардағы көлік қозғалысының тұрақталғанын мәлімдеді
Қалада 120-дан астам патрульдік полиция экипажы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Алматы ПД
Департамент баспасөз қызметінің мәліметінше, жол жағдайы тұрақталып, бақылауға алынды.
- Бағдаршамдар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, қаланың негізгі көлік артериялары қолмен реттеуге көшті;
- Ата-аналардың балаларын бір мезгілде үйлеріне алып кетуіне байланысты, қаладағы жалпы білім беретін мектептер мен балабақшалар аумағында көлік қозғалысы көбейген. Бұл азғантай кептеліс әдеттегі мәселе ретінде шешіліп жатыр;
- Алматыдан барлық бағыт бойынша шығатын жол ашық. Көлік ағынының өткізуі қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр;
- Жанармай құю бекеттеріндегі жағдай да тұрақты: көлік кептелісі жоқ.
Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген