Алматының екі көшесінде көлік қозғалысы шектеледі
16 сәуір сағат 22:00-ден 17 сәуір сағат 6.00-ге дейін Алматы қаласының Бостандық ауданындағы Әбіш Кекілбайұлы мен Бокин көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аталған көшелерде жүріс бөлігінің астынан өтетін жылу желілерінде апаттық жұмыстар жүргізу үшін уақытша шектеулер енгізіледі.
Ведомство қала тұрғындарынан мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұрайды.
Қазақтың ұлттық киімдері қанша тұрады және оларды не үшін киген
Қазақстандағы белгілі брендтердегі киім бағасын салыстырып көрдік
"Наурызға 317 млн, ал Жаңа жылға 793 млн теңге": Қазақстанның бас қалалары Наурыз мейрамына Жаңа жылдан екі есе кем қаржы бөлді
Наурыз бен Жаңа жылды тойлауға қанша қаржы бөлінгенін салыстырдық