Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Неліктен алматылықтарға SMS-хабарлама жер сілкінісінен 2 сағат өткен соң келді

Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев қала тұрғындарына жер сілкінісі туралы SMS неліктен келмегенін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Freepik

Атығаевтың айтуынша, тәжірибеде көргеніміздей SMS-хабарламаларды жедел жібергенде деректер қала тұрғындарына кеш жетеді. Бұл халықтың тығыздығына байланысты.

"SMS-хабарламаларды жедел жібергенде олар кеш баратынын тәжірибе көрсетті. Халықтың тығыздығы жоғары, ұялы байланыс операторлары ақпаратты өңдеп үлгермейді. Тиісінше, ол тиімділікті жоғалтады. Бұл жағдайда біз бұл тәжірибеден алшақтап кеттік", – деді Нұрлан Атығаев.

Сондай-ақ мамандар алматылықтардың дабыл сигналын неліктен естімегенін түсіндірді. Қалада 843 электр сиреналары орнатылған, бірақ олар діріл сезгіштігі 5,5 баллдан асқан жағдайда ғана іске қосылады.

"Бізде 4-тен 5 балға дейін тіркелді. Сиренаны қосудың қажеті жоқ еді. Олар бұдан да үлкен дүрбелең тудырар еді", - деді Нұрлан Атығаев.

Еске сала кетсек, 23 қаңтарда Алматыда жер сілкінісі болды. Астана уақытымен 00 сағат 09 мин 02 секундта алматылықтар қатты жер сілкінісін сезді. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше жер асты дүмпуінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысында, 264 шақырым жерде тіркелді. Магнитудасы 6,7 балл. Бұдан соң тұрғындар қалада тағы да бірнеше жер сілкінісі сезілгенін хабарлады. Ал ТЖД дерегіне сәйкес алдағы уақытта қуатты жер сілкінісі болмайды, сондықтан дүрлігудің қажеті жоқ. 

Талқылау