Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қажылыққа аттанбақ болған қазақстандықтар жалған вакцинация құжатын жасатқан

Алматыда шетелге шығатын адамдар үшін вакцинация паспортын қолдан жасаған туристік компания анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сауд Арабиясына баратын қажылар үшін барлығы 143 вакцина паспорты жасалған.

Тінту барысында туристік агенттіктің кеңсесінде құжаттарды дайындауға арналған мөрлер, бланкілер және кеңсе жабдықтары табылды.

Полиция жалған құжат жасағаны үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік, ал оны пайдаланғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алынатынын ескертеді.



Жыл басынан бері ішкі істер органдары ПТР-тестілеу нәтижелері мен вакцинация паспорттарын қолдан жасаудың, сондай-ақ оларды пайдаланудың 30 жағдайын тіркеді.

Полицейлер жалған вакцинация паспорттарын және ПТР тест нәтижелерін дайындау туралы ұсыныстарды интернет-мониторинг барысында анықтайды.

"Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер болған жағдайда медициналық мекемелерге жүгіну қажет", – деді полицейлер қазақстандықтарға.

Талқылау