Алматылық оқушы ҰБТ-дан 140 балл жинап, жаңа рекорд орнатты
Алматылық талапкер Санжар Қуандық Ұлттық бірыңғай тестілеуде 140 балл жинады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скрин
Санжар Қуандық "қазақ тілі мен әдебиеті" пәндері бойынша Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырып, ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Тестілеуден шыққан кезде оны достары қуанышпен қарсы алып, бұл сәттің видеосы желіде тарады.
"Тапсырмаларды орындауға шамамен үш сағат уақытым кетті. Қалған 40 минутты тек дұға жасап өткіздім. Нәтижесінде 140 балл жинадым. Минимум 139 балл жинаймын немесе рекорд орнатып, максималды балл аламын деп үміттендім", — дейді Санжар.
Алматы облысының білім басқармасының мәліметінше, Санжар Еңбекшіқазақ ауданының Толқын орта мектебінде оқиды. Қазір ол Алматы облысындағы тестілеуден ең жоғары балл жинаған жалғыз оқушы.
Еске салсақ, өткен жылы да алматылық талапкер ҰБТ-дан 140 балл жинап, рекорд орнатқан еді.
Ауылға жұмыс істеуге барған қазақстандық бес жыл міндетін орындамағаны үшін мемлекетке 36 миллион теңге қайтаратын болды
Оқиға БҚО-дағы Жәнібек ауданында болған
Қазақстанда 2026 жылы той жасау қанша тұрады: Қонақтардың сыйлығы шығынды жаба ма
Бір күндік тойдың қаржылық салмағы отбасының кейінгі тұрмысына әсер етпеуі керек