Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматылық қоғамдық көлікте Wi-Fi іске қосылды

Алматыда қоғамдық көлікте Wi-Fi орнатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі inAlmaty.kz-ке сілтеме беріп.

Интернетке сымсыз қосылатын жабдық әртүрлі маршруттардың 450 автобусына және барлық қалалық троллейбустарға орнатылды. Қазан айының ортасына дейін Wi-Fi қосылған Алматы автобустарының санын 1000-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

"Коронавирустық дағдарыс кезеңінде біз интернет біздің өмірімізде өте маңызды нәрсе екенін түсіндік. Оның арқасында біз білім аламыз, енді интернет автобустарда пайда болды. Мен шет елдердің тәжірибесін көрдім, сол жерде адамдар қоғамдық көлікке отырып, жұмысқа әлі жетпей, жұмыс күндерін бірден бастайды. Болашақта Алматыда да болатын шығар. Барлық қоғамдық көліктерде біз сымсыз интернетті тегін етуді жоспарлап отырмыз. Қосылу үшін баптаулардан "EZ Wi-Fi" желісін тауып, қосылуды басып, тегін пайдалануды бастау жеткілікті", - дейді "EZ Wi-Fi" ЖШС басшысы Тимур Нұртаев.


Автобуста маска тағудан бас тартып, жанжал шығарған алматылық бойжеткен айыппұл арқалады 


Интернетті қазірдің өзінде "Алматыэлектротранс" автобустарында (№120, 67, 120, 29 автобус және басқалар), City-Bus компаниясының барлық автобустарында (№18, 19, 98 және 99) және Олжас LTD (№62, 104, 141) қосуға болады. Болашақта Wi-Fi қосылған автобустарда арнайы белгішелер желімделеді. Әр 15 минут сайын желіні қайта қосу керек. Жоба украиналық eWi-Fi компаниясының технологиясы бойынша іске қосылды. Ол екі қазақстандық оператор желісі арқылы жүзеге асырылады.

Талқылау