Алматыға жақын тауда екі аланын ерткен қар барысы камераға түсіп қалды (видео)
Екі баласын ерткен қар барысы Алматыға жақын тауда камераға түсіп қалды.
"Данадан бөлек камераға екі баласы бар тағы бір барыс түсті. Қазір Барыстың идентификациясы бойынша, оларға ат пен паспорт беру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді «Kazakh Tourism» АҚ ҰК басшысы ЕРжан Еркінбаев Instagram парақшасында.
Айта кетейік, Алматы маңында қар барысының үш ерекше түрі 2018 жылы кадрға түсіп қалған еді.

Қазақстанда қар барыстарының саны бүгінде 130-150. Ірбіс Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Алтай тауларында мекендейді.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған