"Алматыэлектротранс" компаниясының бұрынғы басшысы Берікхан Мұрзакаримовқа іздеу жарияланды
"Алматыэлектротранс" компаниясының бұрынғы басшысы Берікхан Мұрзакаримовқа іздеу жарияланды. Оның іздеуде болғанына сегіз күн болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталында "Алматыэлектротранс" ЖШС бұрынғы басшысы Берікхан Мұрзакаримовке іздеу жарияланғаны туралы ақпарат пайда болған.
Берікхан Мұрзакаримовқа 26 желтоқсанда Алматыда Қаржы мониторингі агенттігі іздеу жариялаған. Іздестіру жұмыстарын Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатқаны белгілі болды.
- 2023 жылы елдің назарын аударған қандай атышулы сот істері өтті?
- Қарағанды облысында майнинг жабдықтарын ұрлаған бұрынғы полиция басшысына іздеу жарияланды
7 қарашада Telegram арналарының бірінде Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері "Алматыэлектротранс" ЖШС-нің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғағаны туралы ақпарат пайда болған. Олардың дерегінше, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы "Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе жымқыру" бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген.
Айта кетейік, Берікхан Мұрзакаримов "Алматыэлектротранс" ЖШС-ны 2021 жылдың ақпанында басқара бастады. 2022 жылдың желтоқсан айынан бері ұйымды Александр Бейсембаев басқарған.