Алматыдан ұшып шыққан ұшақ Астана әуежайына қона алмай, кері қайтты
Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматыдан ұшып шыққан Scat әуе компаниясының ұшағы Астана әуежайына қона алмай қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нәтижесінде азаматтық ұшақ Алматыға қайта ұшып кеткен.
"Астанада ауа-райы нашар, жол көрінбейді және қарлы боран. Ұшақ қайтып оралды, түнгі сағат бірде Алматыдан қайта ұшады. Ауа-райының қалыпқа келгенін күтіп отырмыз", - деп хабарлады компания.
Сонымен қатар елорда халықаралық әуежайының онлайн таблосында бүгін ұшуы мен қонуы кешіктірілген 38 рейс белгілі болды.
Атап айтқанда, Алматыдан 8 рейс, Қазақстанның Шымкент, Ақтөбе, Семей, Өскемен және басқа қалаларынан, Дубай мен Үрімжіден халықаралық рейстер кешігіп жатыр.
Алматы, Петропавл, Семей, Шымкент, Ақтау, Түркістан қалаларына ұшатын рейстер де кешігіп жатыр.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі