Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы зообақ өкілдері ақтаулық блогер құтқарған қоқиқаздың жағдайы туралы мәлімдеді

Алматы хайуанаттар бағының өкілдері құтқарылған қызғылт қоқиқаз балапандарының бірі аман қалғанын және қазір жаңа өмірге бейімделіп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жасөспірім қоқиқаз жаңа мекенге үйреніп қалған көрінеді. 

"Азамат Сәрсенбаев өз пәтерінде құстарды бақты. Бұл құс ерекше диета мен өзгеше өмір салтын қажет етеді.Отаны – Орталық Америка. Хайуанаттар бағында осындай 17 фламинго бар. Оларды алып кетуге келістік, дегенмен қоқиқазды тасымалдау өте қиын, бірақ оларды сол жерде де қалдыра алмадық”, – делінген хайуанаттар бағының хабарламасында.

Қоқиқаздардың бірі жолды көтере алмай, хайуанаттар бағына келгеннен кейін өліп қалған. Айтуларынша, ветеринарлар барлық нәрсені жасаса да, құс әрі қарай өмір сүре алмады.

“Екінші балапан үлкенірек болғасын мықтырақ боп, тірі қалды. Қазіргі таңда оның тәбеті жақсы және жаңа мекенді паналап жатыр. Ол даладан келгендіктен, ветеринарлардың бақылауымен бір айға жуық карантинде болады. Содан кейін оны бір тектес құстармен қосамыз", – дейді хайуанаттар бағының қызметкерлері.

Еске салайық, бұған дейін қызыл кітапқа енген қоқиқаздың балапанын құтқарып, үйіне алып келген ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев қомақты айыппұл төлеуі немесе қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін екен туралы жазған едік. Бір қоқиқаз жолды көтере алмай, өліп қалды.

Талқылау