Алматыдағы жекеменшік мектепте зорланған оқушыға қатысты іс расталмады
Алматыдағы жеке мектептердің бірінде 1-сынып оқушысы зорланды деген ақпарат расталмады. Бұл туралы білім ошағының директоры полиция департаментінің берген жауабы бойынша мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Бахытжан Нұрматова
Директордың айтуынша, жоғары сынып оқушылары зорлық көрсетті деген баланың әкесі мұғалімдер мен мектеп басшылығына жала жауып отыр. Білім мекемесінің басшысы полицияның бұл жағдайды растамағанын айтты.
“Біз полиция бөліміне бірнеше рет жүгіндік. Сонымен олардан бізге берілген ақпарат пен фактілердің барлығы расталмағыны туралы хабар алдық. Біз оларды жала жапқаны үшін құқық қорғау органдарына тапсыра аламыз”, – деді мектеп директоры Бахытжан Нұрматова.
Бұл оқиғаға байланысты баланың ата-анасы шағымданған болатын. Олар ұлын жоғарғы сынып оқушыларының дәретханада пышақпен қорқытып, бірнеше рет зорлағанын айтқан.
Еске салсақ, 1-сынып оқушысының әкесі оқиғаның мән-жайы туралы айтып берген еді.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі