Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әжетханаға күніне үш рет барады": Жекеменшік мектепте зорлық көрген баланың әкесі оқиғаның мән-жайын айтты

Алматыдағы мектептердің бірінде зорлық көрген 1-сынып оқушысының әкесі оқиғаның мән-жайы туралы айтып берді. Сөзінше, жаңа жылға дейін баласының басы көгергенін байқаған. Кейін ұлымен сөйлесе келе болған оқиға туралы білген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі KazTAG басылымына сілтеме жасап. 

әкесі

Сурет: KazTAG.kz сайтынан

Баласының басындағы көгерген ізді байқаған соң ол мұғалімге қоңырау шалған. Жұма күні болғандықтан, мұғалім әкені дүйсенбі күні мектепке шақырыпты.

"Дүйсенбі күні сағат 10 шамасында қоңырау шалдым. Мұғалім қолы бос емес екенін айтты. Ашуланып, көлікке отырдым. Мектепке барғанымда директор күтіп отырғанын айтты", – дейді баланың әкесі. 

Сөзінше, кабинетте жанжал болған. Ал директор өзіне қоқан-лоқы көрсетті дейді. 

"Мен баламның дұрыс білім алғанын қалайтынымды айттым. Шынымды айтсам, директорды тыңдамадым, тек мұғаліммен сөйлестім. Алайда директорға жетінші сынып оқушысы мектепте пышақ алып келсе, кейін біреуді жарақаттауы мүмкін екенін айттым. Ол тек пышақты алып келіп қоймай, бірінші сынып оқушыларын қорқытады", – деп қосты баланың әкесі. 

Ал ұлының зорлық көргенін тек сәуір айында байқаған екен.



"Шалбарың былғанып қалыпты, жуайын дедім. Ол алып келді. Тазартып жатып, мұның не екенін сұрадым. Ұлым бояу деді. Тазартып жатқанда кетіп қалды. Тағы мұның не екенін сұрадым. Тек осыдан кейін ғана жаңа жылдан соң өзіне тиіскен балалардың есімін атады. Қалай және не істегенін айтты. Ал мұғалім сабақ үстінде ұлымды босатып, "Шық, сен бізге бөгет жасайсың" деп айтады екен. Балам тәртіпті, тәрбиелі", – деп қосты әкесі. 

Бала әкесіне өзін бір оқушының ұстап тұрғанын, екінші баланың зорлағанын айтып берген. 

"Шамамен 10-12 рет болған. Солай деді. Тағы бір үлкен бала бар екен, басқа сыныпта оқитын секілді. Бұл туралы тергеушіге айттым. Бір-бірімен көзбе-көз кездестірді. Ал баламмен келесі күні кездестіретінін айтты. Мектеп директоры мен мұғалім менен кешірім сұрап, кетіп қалды. Мен сол оқушылардың ата-анасын жазалап, мектепті лицензиясынан айыруын қалаймын", – деп қосты ол.

Ер адамның сөзінше, жекеменшік мектепте ұлының білім алуы үшін ай сайын 135 мың теңге төлеген екен. 

"Бала әжетханаға күніне үш рет барады. Іш киімі нәжіспен былғанып қалған. Жейдесі, шалбары мен ішкөйлегі де нәжіс және шәуетпен былғанған, оларды тергеушіге өткіздім. Тергеуші мұның бәрін көрді. Суретке түсіріп алуым керек еді. Баланы өзім тәрбиелеп отырмын. Үйде әпкем болған, ақпан айында ол кетіп қалды", – деп қосты ол. 

Сөзінше, баласын тексерту үшін дәрігерлерге 10 күн барған. 

"Кейін тергеушіге баланы емдеу керегін, әжетханада ұзақ отыратынын айттым. Ал тергеуші емдейтін дәрігерді тауып беруге міндетті екенін білмеді. Мен Ресейдегі достарыма хабарласып, сұрастырдым. Тек екі күннен соң тергеуші келіп, дәрігерді тауып беретінін айтты. Бұл туралы білмеген екен. Жеті немесе сегіз күн бойы бала әжетханаға солай барып жүрді. Әжетханада күніне үш рет, жарты сағат отырады", – дейді баланың әкесі. 

Қазір зардап шеккен бала үйінде. Ал зорлық көрсеткен оқушылардың ата-анасымен ешкім байланысқа шықпаған дейді. 

Айта кетейік, бұған дейін Білім және ғылым министрлігі жекеменшік мектепте баланың зорлануына қатысты пікір білдірген еді. 

Талқылау