AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жекеменшік мектептердің бірінде 1-сынып оқушысын бірнеше күн қатарынан жоғары сынып оқушылары зорлаған

Алматыдағы жекеменшік мектептердің бірінде бірінші сынып оқушысын бірнеше күн қатарынан жоғары сынып оқушылары зорлаған. Бұл туралы құқық қорғаушы Дина Смаилова мәлімдеді. Полиция мұндай арызды баланың әкесінен қабылдағанын растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматы қаласындағы жекеменшік мектепте сыныпта 12 бала бар, үш жетінші сынып оқушысы бірнеше күн бойы 1-сынып оқушысын алып кетіп, дәретханада зорлайды, сабақ кезінде! Мұғалім баланы сабақ кезінде жіберіп қойып отырған және ештеңе байқамаған!" – деп жазды "Не Молчи" қорының жетекшісі Дина Смаилова Facebook-те.

Айтуынша, жағдай туралы баланың әкесі екі апта бұрын білген.

“Іс әлі жылжымаған, зорлық-зомбылыққа тап болған бала үйде, онымен дәрігерлер мен психологтар жұмыс істеп жатыр. Зорлықшылар бостандықта, олардың ата-аналары да, мұғалімдер де жауапқа тартылған жоқ, полиция әрекетсіз отыр”, – дейді ол.

"Не Молчи" зорлық-зомбылыққа қарсы күрес қорының негізін қалаушы президентке ашық хат жолдап, онда мемлекет басшысынан барлық кінәлілерді жазалауға көмектесуін сұрады.

Алматы ПД бастығының орынбасары Рустам Абдрахманов бұл іс Наурызбай полиция бөлімінде 21 сәуірде ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі ("Бірнеше рет жасалған зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша тіркелгенін хабарлады.

"Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалды, қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша іске қатысты заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады. Қылмыстық іс бойынша тергеу барысын қадағалауды жүзеге асыратын процесс прокуроры тағайындалды.

Тергеу жан-жақтылық, толықтық және объективтілік қағидаттарын қатаң сақтай отырып жүргізіледі. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері Алматы қаласының полиция департаментінде бақылауға алынды", – деп жазды Рустам Әбдірахманов.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр