AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім және ғылым министрлігі жекеменшік мектепте баланың зорлануына қатысты пікір білдірді

Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен Балалар құқықтары жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер "Мариям" жекеменшік ұйымында оқитын 1-сынып оқушысына қатысты мән-жайларды зерттеу үшін Алматыға барды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

зорлау

Қалалық полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр, зорлық-зомбылық әрекеттерінің жасалғанын анықтау үшін сараптама тағайындалған.



"Біз бұл жағдайды ерекше бақылауда ұстап отырмыз. Бүгін профилактикалық іс-шараларды жүргізу мақсатында "Мариям" жекеменшік мекемесінде тексеру жүргіземіз. Сонымен қатар оқушының отбасына да барып, қажетті көмек көрсетеміз. Балаға психологиялық көмек көрсетіледі. Тергеудің қорытындыларына байланысты шаралар қабылданады. Сараптама нәтижесін күту маңызды. Құқық қорғау органдарымен байланыста боламыз", – деді Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда жекеменшік мектептердің бірінде 1-сынып оқушысын бірнеше күн қатарынан жоғары сынып оқушылары зорлағаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр