"Алматыдағы жағдай шиеленісіп тұр" - Камалжан Надыров
Алматыда қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров қаладағы эпидемиологиялық жағдайға "шиеленісті" деген баға берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Онлайн брифингте қалалық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы статистика мәліметтерін ұсынды. Бүгінгі таңда қалада COVID-19-ды 8259 жағдайы анықталған. Ауырғандардың 60 пайызы сауықты. Қаза болғандар саны 54 адамды құрайды.
"Бүгінде біз коронавируспен күресу жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып жатырмыз және жоғары дайындықта жұмыс істеп жатырмыз. Қала бойынша эпидемиологиялық жағдай шиеленіскен, бірақ бақылауға алуға болады. КВИ-мен күрделі эпидемиологиялық жағдай бізден шешуші іс-қимылдарды және амбулаторлық және стационарлық деңгейде инфекциямен күресудің жаңа стратегияларын әзірлеуді талап етеді", - деді Қамалжан Надыров.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған