Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы ұшақ апаты: Әуе кемесі соғылған үй заңсыз тұрғызылған

Bek Air ұшағы соғылған әуежай маңындағы үй заңсыз тұрғызылған болып шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

Алматыдағы ұшақ апаты

Бұл туралы Алматы облысы Талғар ауданының әкімдігі мәлімдеді.

Аудандық шенеуніктердің сөздерінше, бұл үйдің иесі баспананы рұқсатсыз салып жатқан. Үйдің орналасқан жері елді аймақта болғанымен, жердің өзі егін алқабы екен. Жер кодексіне сәйкес бұл орынға үй тұрғызуға болмайды.

"Талғар аудандық архитектура және қала құрылысы бөлімі тарапынан бұл жерге үй тұрғызуға рұқсат берілмеген, үйдің эскиздік жобасы келісілмеген, нысан салынбай тұрып рұқсаттық хаттама толтырылмаған", - делініпті Талғар аудандық әкімдігінің ресми хабарламасында.

Естеріңізге салайық, 12 адамның өмірін жалмаған қайғылы оқиға 27 желтоқсан күні Алматы маңында орын алған еді. Алматы-Нұр-Сұлтан бағытында ұшпақшы болған әуе кемесі екі рет жерге тиіп, артынша барып екі қабатты үйге соғылған. Bek Air әуе тасымалдаушысына қатысты тергеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Тексеру амаладарына халықаралық сарапшылар жұмылдырылған. Ал бірнеше күн бұрын ҚР-дың премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр ұшақ апатына болған жайтты атады. Борттың құлауына себеп ұшақ қанаттарының қатып қалуы болған. 

Бұған дейін Bek Air ұйымының жұмысшылары билікке үндеу жариялаған айтылған еді.


 

Талқылау