Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Bek Air қызметкерлері билікке үндеу жариялады

Bek Air әуе тасымалдаушы ұйымының қызметкерлері тексеру жұмыстарын тездетіп, тергеу қорытындыларын шығарса екен дейді. Олар Қазақстанның авиациялық билігіне үндеу жариялады. Қызметкерлер алдағы уақытта не боларын асыға күтуде. Мамандар Алматы маңында болған ұшақ апатының тексеру жұмыстарын бастаған кезде Bek Air-дің лицензиясы тоқтатылып, рейстердің барлығына шектеу қойылған. Бұған қоса 300-ден астам қызметкер ақысыз жұмыс демалысына жіберіліпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Бе Эр қызметкерлері

Bek Air ұйымының қызметкері Қазақстанның авиациялық билігіне үндеу жариялау үшін әуекомпаниясының кеңсесіне жиналыпты. Апат орын алғанына үш апта болған, осы уақытқа дейін қызметкерлер төленбейтін еңбек демалысында жатыр екен. Әуе тасымалдаушы ұйымының лицензиясына шектеу қойылған, сол себепті мекемеде жұмыс атқарып келген әуесеріктер, инженер мен есепшілер не істерін білмей дал болып жүрген көрінеді. Амалдары таусылған олар биліктегілерден көмек сұраудан басқа шарамыз қалмады дейді. 

"Барлығымыздың табыс көзі тоқтаулы, не істерімізді білмей, басымыз қатып кетті. Ұйымның лицензиясы тоқтаулы болғандықтан, жұмыс та жоқ, жалақы да жоқ. Тергеу жұмыстары қашан бітетіндігін бір Құдай біледі. Ал бізге үйдегі отбасымызды асырап, баспанамыздың төлемақыларын жүргізуіміз қажет", - дейді бортсерік-нұсқаушы Тұрсын Ахметов.

Мұрат Сахов бұл мекемеде қызметкер болып жүргеніне 3 жылдан асыпты. Қазір ер азамат Fokker-100 ұшағының апатына куәгер болғандардың қатарында. Ол құлаған әуе кемесінінен басқа да жолаушылардың шығуына көмектескен. Дегенмен істің анық-қанығын ашып айтпады. Алдағы уақытта бәрі де белгілі болады дейді ол. 

"Жалақымыз тоқтаулы күйде. Басқа мамандыққа барғымыз да келмейді, өзіміздің жұмысымызға үйреніп қалған едік. Барлығының да бала-шағасы бар, кейбіреулері тіпті көпбалалы. Олардың несиелерін айтпасақ та түсінікті. Мен тезірек тергеу жұмыстарын біткенін қалаймын", - деді бортсерік Мұрат Сахов. 

Естеріңізге салайық, 27 желтоқсанда Алматы маңында Bek Air компаниясына тиесілі «Фоккер-100» ұшағы құлап, 12 адам қаза тапқан еді. Қайғылы оқиғадан кейін әуе компаниясының лицензиясы уақытша тоқтатылған болатын. Ал премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр сол уақытта Bek Air-дің әртүрлі лоббистердің көмегімен IOSA сертификатынан бас тартуға тырысып келгенін де мәлімдеген. Тіпті еліміздің Азаматтық авиация комитеті халықаралық стандартқа сай қауіпсіздік сертификатын алуды міндеттеген кезде «Бек Эйр» басшылары қарсылық танытып, сотқа бергені де белгілі болды.
"Мен ешкім де, ешқашан бірін-бірі қорғап, сөзін сөйлемейді деп сендіргім келеді. Өйткені кеткен кемшілік көп. Халықаралық әуе рейстеріне шығуды жоспарлаған Bek Air компаниясы әртүрлі деңгейдегі лоббистердің көмегімен IOSA сертификатын осы жылдар бойы алмай келген. Бірақ министрлік өрескел заң бұзушылықтарға жол берген жоқ", - деп мәлімдеді ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр.

Bek Air қызметі белгісіз уақытқа тоқтатылды. Осы кезге дейін ұйым ішінде не болғанын, ұшақтардың қандай жағдайда, қашан жөндеуден өткенін, қандай ережелер сақталып, олардың қайсысы бұзылғанын сарапшылар анықтайтын болады. Дегенмен олар да тексерістің қашан бітетіндігін әзірге білмейді. Мәскеулік мамандар борттық жазбаларды шифрлеуден өткізген. Сонымен қатар ұшақты құрастырып шығарған Нидерландыдағы өндіріс орны тексеріледі. 

Bek Air басшысы екінші ұшқыш жаңсақтыққа жол бергенін айтты. 
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

"Қазақ жігіті махаббат үшін Америкаға дейін барады": Қоянбаев өтірікшілерді "ақтап" фильм түсіргені туралы

Продюсер Әсел Сағатованың шын мәнінде қандай екенін түсінгенін тілге тиек етті

Министр Қытайдан келген қазақстандықтарға өтініш айтты

Біртанов азаматтарды дәрігерге қаралуға кеңес берді

Елімізде 200 теңгелік монета айналымға шықты

200 теңгелік қағаз банкнот әлі де төлем құралы болып саналады

Қазақстан студенттерді эвакуациялау үшін Қытайға арнайы комиссия жіберуге дайын

Қазақстан Қытайға нота жолдады

Қазақстанда Қытайдан келген төрт адам ауруханаға жатқызылды

Науқастар вирустық инфекциялық күдікпен ауруханаға жатқызылды

Сыйақы бермейді, ақша жеп қойған: Түркістанда аурухана қызметкерлері басшысын кінәлады

Жұмысшылары еңбек жағдайлары мен әділетсіздікке наразылықтарын білдірді

Түркістан облысы тұрғындары көшеде кәмпит таратып жүрген шетелдіктерді көріп шу шығарды

Тұрғын: Вирус таратып жүргендер шығар, қайдан білеміз

ЦентрКредит Банкі Samsung Pay мобильді төлемдер сервисін пайдалануға іске қосты

Енді ЦКБ клиенттері Samsung Pay функциясын қолдайтын кез келген Samsung құрылғысының көмегімен сауда жасай алады

"Таразға іздеп барсам, ол шымкенттік екен": Нұрлан Қоянбаев әйелімен қалай танысқанын айтты

Актер үйленер кездегі қызықты оқиғаларын айтты

Кәсіпкерлер алдағы күндерде банкке баратын жолды ұмытады ма?

Жақын күндерде АТФБанк нарыққа ең мықты өнім – ATFBusiness шығарады
Çàãðóçêà...