Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баға өсіп жатыр: Алматыдағы "Оптовка" базарының кәсіпкерлері наразылыққа шықты

Алматыдағы халық арасында "Оптовка" аталып кеткен "Барыс" сауда орталығының кәсіпкерлері наразылыққа шықты. Олар базардағы қысымның кесірінен баға өскенін айтады. Кәсіпкерлердің сөзінше, базарға жауапты "БН Сауда" компаниясы өздері айтқан өндірушілерден ғана тауар алыңдар деп талап қойып келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар сілтеме жасап хабарлайды. 

“Барыс” базары

Барыс 4 базарын "БН Сауда" компаниясы қолға алғалы отандық өндірушілерге тікелей тапсырыс бере алмай қалдық деген кәсіпкерлер аталмыш серіктестіктің қызметкерлері әр тауарға өздері қосымша баға қойып келгенін айтады. 

“Бізде шарт болатын, біз фирманың бағасымен сататынбыз. Ал қазір жаңа әкімшілік келгеннен кейін бәрі өзгерді”, – дейді кәсіпкер Жанна Сүйінбаева.

“Жаңа Қазақстанның құрылуына бізде атсалысқымыз келеді. Толықтай төлеп жатқан ақшамыз үкіметке, бюджетке, бір халықтың барлық жағдайына бір жәрдемдессек дейміз”, – дейді кәсіпкер Изат Сабырұлы.  

Ал сауда орталығының әкімшілігі айды аспанға бірақ шығарды. Олардың сөзінше базарда ешқандай "БН Сауда" компаниясы жұмыс істемеген екен.

"БН САУДА" деген компания болған жоқ. Бағанағы монополия деп айтып жатқандары – "Либертекс" ЖШС деген компания. Олармен біздің договор осы ақпан айының 28-і күні бітеді. Бізден офис арендавать етеді. Осыдан кейін біз договорды созбаймыз”, – дейді “Барыс 4” базары әкімшілігінің өкілі Самат Нұршабаев.

Әкімшілік сауда орталығының директоры да жаңадан тағайындалғанын айтты. Сондай-ақ ендігіде кәсіпкерлерге кез келген өндірушімен тікелей келісімге отыруға ешқандай кедергі болмайды деп сендірді.

Талқылау