1,3 миллион теңгеге әскери билет: Алаяққа алданғанын айтып шағымданған қазақстандықтың өзі де сотталуы мүмкін
Ақмола облысының Щучинск қаласында 23 жастағы тұрғын әскери билет алып беруге уәде еткен танысына 1,3 миллион теңге беріп, алданып қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақмола облысының полиция департаментінің мәліметінше, биыл мамыр айында Щучинск қаласының тұрғыны танысына әскери билет алып беруге көмектескені үшін 1,3 миллион теңге берген. Бірақ арада бірнеше ай өтсе де, уәде орындалмаған. Ақшасын да қайтара алмаған ер адам полицияға арызданған.
Аталған дерек бойынша полиция алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғады. Күдіктінің кім екені анықталып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар құқық қорғау органдары арызданушының әрекеттерінен заң бұзушылық белгілерінің бар-жоғын да тексермек.
Полиция өкілдері азаматтарды белгіленген тәртіпті айналып өтіп, ресми құжаттарды рәсімдеп беремін деген адамдарға сенбеуге және делдалдарға ақша бермеуге шақырды. Мұндай ұсыныстар қаржылық шығынға ғана емес, қылмыстық жауапкершілікке де әкелуі мүмкін.
Еске салсақ, бұған дейін полиция WhatsApp пен Telegram-дағы жаңа алаяқтық жайлы ескерту жасаған еді.
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік костюмін көрсетті