Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы Көк-Төбедегі аттракционда жеткіншек құлап қалды

Алматыдағы Көк-Төбеде төтенше жағдай боды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

батут

Әлеуметтік желіде аттракцион істен шығып, адамның құлап қалғаны туралы хабарламалар тарап кеткен болатын.

«Кеше «Рогатка» аттракционынан бір адам құлады. Оқиға көз алдымда болды. Орындық 5 метрге дейін ұшып кетті», – дейді Тимур Жаркенов facebook-парақшасында.

Артынша бұл туралы Jexennews телеграмм-каналында жазылды.

«Алматыдағы Көк-төбеде «Рогатка» аттракционы істен шығып, бала құлап қалды. Оны жедел-жәрдем дереу алып кетті. Бұл туралы әлеуметтік желіде жүр. БАҚ әлі бұл туралы үндемейді», – деп жазылған.

Алматы полициясы бул оқиғаны растады.

2006 жылы туған жеткіншек батутта секірген. Жанында тұрған әйел оның мұқият секіргенін жиі ескертіп отырған. Соңында құлап, аяғы сынған. Бірден ауруханаға жеткізілген.

Денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем тобы баланы Алматы қаласындағы балалар шұғыл медициналық көмек орталығына жеткізгенін хабарлады. Қазір дәрігерлердің қарауында. Жағдайы бірқалыпты.

Баланың туыстары ешкімге кінә тақпаған. Өйткені төтенше жағдай өз тарапынан орын алған. Сол себепті сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жүргізілмеген.

Талқылау