Алматыдағы карантин кезінде мешіттер жабылады
Алматыда мешіттер карантин кезеңінде жабылады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының өкілдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Карантин кезінде халықтың денсаулығын сақтау мақсатында барлық мешіттер уақытша жабылады", - делінген хабарламада.
Бұған дейін төтенше жағдайда мешіттерде жұма және бес уақыт намаз оқылмайтыны белгілі болды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халықтан мәжбүрлі шараларға түсіністікпен қарап, отандастарымыздың денсаулығы үшін дұға етуді сұрады.
Еске сала кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 44 адамға жетті. Оның ішінде Алматы қаласында – 19 адам, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 25 адам.
1 қарашадан бастап Қазақстанда педиатрия бөлімшелер жабыла ма: Денсаулық сақтау министрлігі ата-аналарға жауап берді
Денсаулық сақтау басқармасы жалпы практика дәрігерлері, содан кейін керек болған жағдайда педиатр тексеретінін мәлімдеді.
Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге алынса, Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді
6,5 триллион теңге инфрақұрылымға жұмсалады: Бұл халықтың тұрмысын жақсарта ма?