Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мешіттерде жұма және бес уақыт намазы оқылмайтын болды

Мешіттерде жұма және бес уақыт намазы уақытша оқылмайтын болды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төтенше жағдайда мешітте жұма және бес уақыт намаз оқуға қатысты пәтуа шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҚМДБ-ға сілтеме беріп хабарлайды.

«Ислам діні кейбір ғибадаттарды қауіпті жағдайларда уақытша тоқтатуға рұқсат береді. Мысалы, адамның өміріне, денсаулығына, мал-мүлкіне, бала-шағасы мен отбасы мүшелеріне әлдебір залал тиетін болса, шариғатымыз оның мешітке келіп, бес уақыт намазды жамағатпен оқуын, тіпті жұма намазға қатысуын міндеттемейді», - делінген діни басқарма ақпаратында. Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі елімізде жарияланған төтенше жағдайды ескере келе, коронавирустың жамағат арасында таралуының алдын алу шарасына қатысты мынадай мәлімдеме жасады.

Біріншіден, мемлекет тарапынан елде төтенше жағдай жариялануына және індеттің таралу қаупі жоғары болуына байланысты мешіттерде жұма намазы уақытша оқылмайды. Әркім өз үйінде жұма намаздың орнына бесін намазын өтейді.

Екіншіден, мешіттер жабылмайды, бес уақыт намазға азан шақырылады, алайда бес уақыт намаз мешітте жамағатпен оқылмайды.

Үшіншіден, мешіт жанындағы асханаларда өтетін құдайы ас, садақалар (жетісі, қырқы, жылы т.б. дәстүрлі кәделер) уақытша тоқтатылады.

Төртіншіден, жаназа намазын тек жақын туыстарымен, яғни аз топпен өткізген дұрыс. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мұсылман қауымын сабыр сақтауға, орынсыз үрейленбеуге, халықты дүрліктірмеуге және Алла Тағалаға дұға етуге шақырады.

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Германиялық министр коронавирусқа байланысты өзіне қол салған

Министр өлім алдында хат жазыпты, алайда ол әлі жарияланбаған

Алматыда коронавирус жұқтырған тағы бір науқас анықталды

Ауруға шалдыққандардың саны 294 болды

24 сағаттық жұмыс тәртібі: Науқастар үйлеріне барудан және жақындарын көріп тұрудан бас тартқан қазақстандық дәрігерлерге алғыс білдірді

Аурухана басшылығы дәрігерлер үшін жеке платаны жабдықтап қойған

24-рабочий день: Пациенты благодарят казахстанских врачей, отказавшихся от поездок домой и встреч с родными

Күн жылынса, коронавирустың таралуы басылады ма? Маман жауабы

Коронавирустың таралмауына климаттың жылынуы қалай әсер етеді?

Қазақстанның бүкіл аймағында жаңбыр: синоптиктер жақын арадағы ауа райы жайлы

31 наурыз – 2 сәуірге арналған ауа райы болжамы қандай?

Коронавирус жұқтырған Орал қаласының тұрғыны: Мен қылмыскер емеспін, бірақ бәрі мені сөгіп жатыр

Оралда ақпараттық порталдың қызметкері коронавирус жұқтырған

Сарапшы қытайлық хантавирустың ерекшелігі жайлы айтты

Маман: Аурудың жаппай эпидемияға айналуы екіталай

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 293-ке жетті

Ауру жұқтырған тағы тоғыз адам тіркелді

Қазақстандық спортшы теннистің жаңа жұлдыздары рейтингінде ТОП-10 құрамына кірді

Бұған дейін ол әлемдік рейтингте ТОП-20 қатарына енді
Çàãðóçêà...