Алматыдағы балабақшаның бірінде бір жарым жастағы қызды ұрып-соққан
Алматыдағы Балалар білім беру орталықтарының бірінде бір жарым жасар қызды ұрып-соққан. Бұл туралы "НеМолчиKz" қорының жетекшісі Дина Тансари мәлімдеді. Қалалық полиция департаменті жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Дина Таңсәрінің айтуынша, балада жарақаттар көп және миы шайқалған дейді.
"Балабақша директор мұны басқа бала жасады деп айтып отыр. Бұған сену қиын", - дейді ол.
Полиция департаменті бұл істің тергеліп жатқанын хабарлады.
Видеоға түсірген: Атырауда оқушылар қатарласын жабылып ұрып тастаған
"Бұл факт ҚК-нің 141-бабы "балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді және Жетісу аудандық ПБ іс жүргізуінде жатыр. Тергеу аясында тиісті іс жүргізу әрекеттері мен сараптамалық зерттеулер жүргізіледі, олардың нәтижелері, қылмыстық іс бойынша шешімі қабылданатын болады", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"