Видеоға түсірген: Атырауда оқушылар қатарласын жабылып ұрып тастаған

Атырауда 12-ші сәуір күні Авангард ықшам ауданындағы оқу орындарының бірінің ауласында қатарластарына әлімжеттік көрсеткен мектеп оқушыларының кім екені анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеп. 

Әлеуметтік желіге мектеп оқушылары қатарласын жабылып соққан видеосы тарап кетті. Жасөспірімдердің кім екені де анықталды. Жұдырық ала жүгірген балалар, тәртібі қиын оқушылардың тізіміне енді.

Беймезгіл уақытта әлімжеттік жасап жүргендер қаладағы бірнеше мектептің 7 және 8 сынып оқушылары екені анықталды. Мұғалімдері оқушылардың былтырдан бері үйлерінде онлайн оқып жатқанын айтты.

"Сабаққа қатысып жүрген. Бұрыннан бір-бірімен байланысқа түспеген. Біреуі орыс сыныбында оқиды, біреуі қазақ сыныбында оқиды. Бүгінгі таңда біз психологтармен жұмыс жасаймыз. Жәбірленуші баламыздың мінезінде ақаулар пайда болып жатыр. Өздеріңізге белгілі бүкіл ғаламторға жарияланғаннан кейін баламыздың жүйкесіне әсер етті, сөздің шынын айтқанда. Зардап шеккен жеткіншекке психолог маманның көмегі керек", - дейді №19 мектеп-гимназиясы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Майра Разиева. 

 Дегенмен жәбірленушінің анасы бұзақыларды кешіргенін айтыпты. Алайда әлімжеттік жасап, әлеуметтік желіге мақтанышпен таратқан балалар жауапкершіліктен сытылмайды. Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің "Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғаған.  

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр