Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы жекеменшік балабақшаларда тамақ енді тегін берілетін болды

Алматы әкімдігі жекеменшік балабақшаларды тамақтандыру шығындарын жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы онлайн жиналыс барысында Алматы басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлімдеді.

Қалалық әкімдік жергілікті бюджеттен мемлекеттік білім беру тапсырысы бар жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды тамақтандыруға арналған шығыстарды субсидиялауды енгізуге бастама болды. Бастаманы Білім және ғылым министрлігі қолдады. Осылайша, Алматы әкімдігі жекеменшік балабақшаларда балаларды тамақтандыруға ата-аналардың шығындарын өтеуді жоспарлап отыр.

Бұған дейін Алматы әкімдігі мегаполис әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттік бюджеттік тапсырыспен жеке мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды тамақтандыру құнын субсидиялауды жергілікті бюджет арқылы іске асыру туралы бастама көтерген болатын. Бұл бастаманы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қолдады.


Карантин басталғалы азық-түліктің қандай түрлері арзандады 


Негізгі мақсат — ата-аналардың жекеменшік балабақшаларда балаларды тамақтандыру шығындарын субсидиялау арқылы алматылық балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды кеңейту. Бұл өз кезегінде жүктемені азайтып, мемлекеттік балабақшалардағы орын тапшылығын шешуге мүмкіндік береді.

Атап айтқанда, мемлекеттік білім беру тапсырысы берілген жеке балабақшаларда тәрбиеленушінің жасына қарамастан, жергілікті бюджеттен тамақтанудың 100% құнын өтеу жоспарлануда.

Семинар барысында субсидияланатын жеке мектепке дейінгі ұйымдарды таңдаудың ұсынылған өлшемдері егжей-тегжейлі талқыланды.

Онлайн-отырыстың қорытындылары бойынша әкімнің орынбасары Ержан Бабақұмаров балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мәселесінің маңыздылығын атап өтті және субсидиялау механизмінің ұсынылатын өлшемдерін жеке сектормен және жеке білім беру ұйымдарының қауымдастығымен талқылауды тапсырды.  

"Қала әкімі Б. Сағынтаевтың өкімі – балабақшалардағы кезектің айтарлықтай төмендеуіне жағдай жасау. Бұл әлеуметтік маңызды мәселе. Субсидияланатын жеке мектепке дейінгі ұйымдарды таңдау критерийлерін жеке сектормен талқылау керек», — деді Бабақұмаров және мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің осы сегментінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлерді белсенді ынтымақтастыққа және субсидиялау механизміне қатысуға шақырды.

Алматыда мектепке дейінгі біліммен қамтуды кеңейту мақсатында кешенді шаралар қабылдануда. Осы жылы 3 мемлекеттік балабақша пайдалануға берілді, 95 мектепке дейінгі жеке ұйым ашылды; 4 балабақшаның құрылысы жалғасуда, келер жылы тағы 6 балабақшаның құрылысы басталады. Келер жылы қосымша 12,7 мың орын құру жоспарлануда. 2022 жылға қарай балабақшаларға кезек 70 пайызға қысқарады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр