Алматыдағы айырбастау пунктері енді 6 сағат қана жұмыс істейді
Елімізде енгізілген төтенше жағдайларға байланысты айырбастау пунктері күніне 6 сағат істейтін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Алматы аумағында карантин және төтенше жағдай кезеңінде қалада уәкілетті банктердің (олардың жұмыс кестесіне сәйкес) және қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттерінің жұмысын Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша 10:00-ден 16:00-ге дейін уақытша шектеуге шешім қабылдады", - деп хабарлады Алматы қаласы бойынша коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу жөніндегі жедел штаб.
Сонымен қатар, бұл шаралар қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыру кезінде Алматы қаласының аумағында коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталғанын атап өтті жедел штаб баспасөз қызметі.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді