Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Алматыдағы ауруханаларда төсек-орындардың жартысынан көбі бос" - Бақытжан Сағынтаев

Алматыдағы ауруханаларда төсек-орындардың жартысынан көбі бос: 47 пайызы ғана қолданылып жатыр. Бұл туралы Almaty.tv арнасының тікелей эфирінде қала әкімі Бақытжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

төсек

"Біз бүгін емдеуге тартылған клиникалардың санын 26-ға жеткіздік. Үлкен жұмыс атқарылды. Қазір КВИ-дан емдеу үшін 4464 медицина қызметкері жұмыс істейді, 1526 кадрлық резерв құрылды.

Төсек-орын қуатын алдағы бір жарым-екі айда 7710-ға жеткізгіміз келеді. Мысалы, Түрксіб ауданында қызмет көрсету орталығының базасында 500 орындық толыққанды клиника салынады", - деді әкім.

Бұған дейін Алматыдағы коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін түрік дәрігерлері келетіні хабарланған еді.

Талқылау