Алматыдағы коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін түрік дәрігерлері келетін болды

Алматыға коронавирус инфекциясы бар науқастарды емдеу үшін түрік дәрігерлері шақырылады. Бұл туралы қала әкімі Бақтыжан Сағынтаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

дәрігер

Онлайн брифинг барысында Бақытжан Сағынтаев Түркияның құрылыс компаниясының акционерлерімен келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.

"Түрік компаниясы қалада орналасқан екі қонақүйді коронавирустық инфекциясы бар науқастарды емдеу үшін пайдалануды ұсынды. Егер біз тиісті лицензия берсек, онда 1 қазанға дейін олар түрік дәрігерлерінің шақыруымен қонақүйлерді ауыр техникамен толық жабдықтауға дайын", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Әкім түрік компаниясына тиісті рұқсатты алатынын қосты. Ал қонақ үйлер негізінде 215 төсектік корорнавирусты емдейтін клиника болады.

Өткен тәулікте елімізде коронавирустың 1 646 жаңа жағдайы анықталды. Жаңадан ауруға шалдыққандардың ішінде 868-і симптоматикалық тасымалдаушы, ал 778-і асимптоматикалық болып табылады. Жалпы республика бойынша коронавирустың 76 799 жағдайы расталды, оның 9851-і Алматы қаласында.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр