Алматыда жедел жәрдем ауыр жол апатына ұшырады
Алматыда жедел жәрдем көлігі мен жеңіл көлік соғыдлып, жол апаты болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жедел жәрдем және Lexus RX 270 Розыбакиев көшесімен солтүстік бағытта қозғалды. Куәгерлердің айтуынша, жедел жәрдем көлігі қарсы жолда келе жатқан. Жеңіл көлік жүргүзушісі Мыңбаев көшесіне солға бұрылуға шешім қабылдаған кезде арнайы белгі берген.
Жедел жәрдем жүргізушісі үлгермей, қатты жылдамдықпен көлікті қағып кеткен. Қатты соққыдан Лексус артқа қозғалып, қоршауға кіріп тоқтады.
Жол апатында Лексуста болған жолаушы мен жедел жәрдем жүргізушісі зардап шекті, бірақ олар ауруханаға жатудан бас тартты.
Жол полициясы қызметкерлері оқиға орнында барлық жағдайды толығырақ анықтау үшін жұмыс істеуде.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі