Алматыда жаңа туған нәрестелер саудаға түскен: Жантүршігерлік ақпараттар жарияланды
Алматыда жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқандарға қатысты жантүршігерлік ақпараттар пайда болды.Апелляциялық сот жаңа туған нәрестелерді сатумен айналысқан 7 адамға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Бұрын бірінші инстанцияның үкімімен сотталушылар қылмыстық топ құрамында кәмелетке толмаған балаларды сатып алу, сату және сыйға тарту, ұйымдасқан топ құру және оған жетекшілік ету және бірнеше рет жалған құжат жасау баптары бойынша кінәлі деп танылған болаты.
"2018 жылдан бастап 2022 жылдың наурыз айына дейін бұрынғы АХАЖ қызметкері А. есілміді азамат өз бетінше балаларды сатып алу-сатумен айналысқан. Оның төрт жағдайға қатысы бар екені анықталды. Күдікті қылмыстық топ құрған, оның құрамында С. және Е. Есімді азаматтар және белгісіз Е. есімді әйел болған. Бұл қылмыстық топтың мақсаты жаңа туған нәрестелерге қатысты сатып алу-сату жұмыстарын жүзеге асыру арқылы табыс табу болған.
А.-ның міндеттеріне қылмыстық топқа жалпы басшылық жасау, сондай-ақ туу туралы куәліктерді дайындау кірген. С., Е. және белгісіз Е.есімді азаматшаның міндеттеріне жаңа туған балаларынан бас тартуға ниет білдірген адамдарды және жаңа туған балаларды асырап алғысы келетін адамдарды табу және олардан қаражат алу кірген", – делінген Алматы сотының хабарламасында.
Г., Б., М. және Н. әрқайсысы жаңа туған балаларға қатысты сатып алу-сату мәмілелерінің бір эпизодына қатысқан және қылмыстық топтың құрамына кірмеген. Жалпы, іс жаңа туған 12 балаға қатысты сатып алу-сату және сыйға тарту операцияларына қатысты.
Сонымен қатар, Б. алаяқтық жасады, яғни жәбірленушінің атына 1 000 000 теңгеге жуық несиені алаяқтық жолмен алу арқылы ақша жымқырды деп айыпталған.
Сондай-ақ сотта анықталғандай, бірге тұратын Г. мен Б. жаңа туған баласын сатудан өз еркімен бас тартқан, бірақ А. мен белгісіз әйел олардан баланы алдап алып, онымен сатып алу-сату мәмілесін жасаған.
"Айта кетейік, қылмыстық қудалау органы өз балаларын тастап кеткен аналарға және осы балаларды сатып алған тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында, олардың әрекеттеріне өкінетінін ескеріп, Қылмыстық кодекстің 65-бабы бойынша қылмыстық істерді тоқтатты.
Сотталушы М.және Н., босанғаннан кейін анасы тастап кеткен баланы асырап алушыларға тегін сыйға тартқан. Аталған сотталушылар М. және Н. өз кінәларын толық мойындап, тергеумен ынтымақтаса отырып жұмыс жасауларына және әрекеттеріне өкінулеріне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұрады", – деп толықтырды сот.
Сотта прокурор айыптауды барлық баптар бойынша қолдап, соттан барлық айыпталушыларды 9 жылдан 16 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушылар А., С. және Е. өз кінәларын ішінара мойындап, бас бостандығынан айырудан басқа жаза тағайындауды сұрады.
Г. және Б., өз кінәларын ішінара мойындап, қылмыс жасаудан бас тартқанын және баладан бас тарту ниеті жоқтығын көрсетіп, бас бостандығынан айырмауды сұрады. М. және Н. өз кінәларын толық мойындап, ҚК-нің 65-бабында көзделген істі белсенді түрде өкінуіне байланысты немесе бас бостандығынан айыру жазасын өтеусіз қысқартуды сұрады.
Сот үкімімен А., С. және Е. қылмыстық топ құрамында кәмелетке толмағандарға қатысты мәмілелер жасағаны үшін тағылған барлық айыптар бойынша кінәлі деп танылып, оларға үкім шығарылды.
А.-14 жылға, С. мен Е. 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салсақ, осыған дейін Шымкентте жаңа туған нәрестесін саудаға салған 23 жастағы келіншек ұсталғаны туралы жазған болатынбыз.