Алматыда ұшақ апаты: 7 адам көз жұмып, 3 адам зардап шекті
Алматыда Бек Эйр ұшағымен болған оқиғадан қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат болды.
Бұл туралы оқиға орнына барған блогер Денис Кривошеев хабарлады.
«Апат болған жерде іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнында 6 адам зардап шекті, оның үшеуі жас бала және 7 мәйіт табылды», - деді Кривошеев.
Ол сонымен қатар ұшақ туралы ақпарат берді:
«Ұшақ туралы ақпарат: 11496 сериялы. F-1007 әуе кемесі. 2013 жылы пайдалануға берілген. Ол толықтай жұмыс істеп, барлық тексерулерден өткен. Командир тірі. Анықтап жатырмын», - деді ол.
«Бек Эйр әуе кемесі әуежайдың жанында құлады. Тірі қалған адамдар бар. Төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеуде. Әуежай штаттық режимде жұмыс істейді, барлық рейстер жоспарланған», - деді Алматы әуежайы.
Айта кетейік, бірнеше минут бұрын Алматыда Bek Air ұшағы құлады.
Талқылау

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр

"Қысқа мерзімді жеңілдіктер ұзақ мерзімді дағдарысқа ұласуы мүмкін": Сарапшылар Қазақстанда шұғыл енгізілетін шараларға қатысты пікір білдірді
Оның айтуынша, жаңа салық кодексінде әзірге айтарлықтай өзгеріс жоқ