Алматыда үш балдық жер сілкінісі сезілді
Қазақстандық сейсмологтар 24 ақпан күні сағат 04:58-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 276 шақырым жерде Қытай аумағында 6,1 балдық жер сілкінісін тіркеді. Алматылықтар үш баллдық дүмпуді сезінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ. Жағдай тұрақты. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға сабыр сақтап, үрейленбеуге кеңес береді.
Бұл афтершок. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13,6 балл. Тереңдігі - 5 км.
Ведомство қалада жыл сайын 200-ге дейін әлсіз, байқалмайтын жер сілкінісі болатынын атап өтті. Бұл ретте 2-ден 4 баллға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фондық режим.
Жүргізушілер Алматы әуежайында жолаушыларды түсіргені үшін салынған айыппұлдарға шағымданды: Полиция не дейді?
Полиция: "Әуежай аумағының жекелеген учаскелерінде 3.28 "Тоқтауға тыйым салынады" жол белгілері орнатылған"
Хлор мен уксусты араластырып ыдыс жуған қазақстандық әйел ауруханадан бір-ақ шықты
Дәрігер: “Қышқылдар мен күшті сілтілер өңеш пен асқазанның ауыр химиялық күйігін туғызады”