Алматыда "үнді" штаммының табылуына орай қалалықтардың қайта вакцина салғызуы керек пе
Алматыда коронавирустың "үнді" штаммы анықталды. Осыған байланысты қалалықтар қайта вакцинациядан өтуі керек пе деген сұраққа Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қайта вакцинациядан өткізу мәселесі көтерілген жоқ. Өйткені "Спутник V" вакцинасы барлық белгілі мутацияланған штаммдарды инфекциядан қорғайды. Бұл туралы вакцина әзірлеушілердің ресми мәлімдесі бар. Сонымен қатар QazVac вакцинасы үнді штаммына төтеп бере алады", – дейді Бекшин.
Бұған қоса ол Алматыда коронавируспен ауырған 32 науқас қайта ауруға шалдыққан.
"32 адам коронавирусты қайта жұқтырған. "Спутник V" вакцинасының тиімділігі 92% көрсетті. Иммунитеттің қалыптасуы адамның ағзасына байланысты. Бірінде иммунитет бар, енді бірінде әлсіз", – деді қаланың бас санитар дәрігері.
Еске салсақ бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда коронавирустың "үнді" штаммының табылуына байланысты карантин күшейтіледі ме деген сұраққа жауап берген болатын.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр