Алматыда коронавирустың "үнді" штаммы анықталды: Қалада карантин күшейтіледі ме
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қалада "үнді" штаммының анықталуына орай карантин шаралары күшейтіледі ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өздеріңіз білетіндей, Ведомство аралық комиссия карантин шараларын мемлекет бойынша күшейту туралы шешім қабылдады. Егер бас санитар дәрігер шектеу шараларын қатаңдатса, біз, әрине, оның қаулысына бағынамыз.
Алматыда "үнді" штаммын жұқтырған тек бір ғана адам тіркелді. Біз онымен байланыста болған барлық адамдарды тіркеуге алдық. Науқас үйде отыр, жұмыс істемейді, оның күйеуі ақпан айында коронавируспен ауырған. Әйелдің барған жері тексерілуде. Осыған орай, профилактикалық жұмыстар жүргізудеміз. Күн сайын ПТР-тест нәтижелерін тексеретін боламыз", – деді Бекшин.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда "үнділік" коронавирус штаммы анықталғаны айтылған еді.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"