Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін қатыгездікпен өлтіріп кетті (видео)
Күзетші мен үй тұрғындарының бірі жанжалдасып, оның соңы адам өліміне әкеліп соққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
“Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үй кешенінің күзетшісі мен тұрғыны арасында дау туып, нәтижесінде 45 жастағы ер адам күзетшіні өлімші етіп сабаған", – деп мәлімдеді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
“Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстың басқа да мән-жайы анықталуды”, – делінген хабарламада.
Михаил Козачков өзінің Telegram-арнасында жариялаған видеодан жол талғамайтын көлік жүргізушісінің күзетшіні бірнеше рет қатты жылдамдықпен қаққанын көруге болады.
Қазақстандықтарға биыл жазда қайда бару тиімді: Грузия арзандап, Мальдив аралдары қымбаттаған
Ольга Исаева демалыс маусымы бағаға қалай әсер ететінін де атап өтті
Екінші деңгейлі банктер тұрғын үй қарызын бере алады, референдум өтеді: Қазақстанда 1 наурыздан бастап не өзгереді
Наурыз айында қандай өзгерістер болатынын зерттеп көрдік