Алматыда түріктің танымал әншісі Мұстафа Сандалдың концерті өтеді
Gamma Media және Sirius Star Media қолдауымен Алматыда түрік музыкасында аты аңызға айналған Мұстафа Сандалдың жеке концерті өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

3 маусым күні сағат 20:00-де түрік тілді хиттердің орындаушысы Мұстафа Сандал өз тыңдармандарын "Алматы Аренада" күтеді.
Cондай-ақ кеш қонақтары ретінде қазақстандық әншілер Садраддин және Jax 02.14 шақырылған.
Mustafa Sandal – Альбомдары 17 миллион данадан астам сатылған түрік музыкасының аңыз әншісі. 1994 жылы "Suc Bende" дебюттік альбомы рекордтық таралыммен сатылып, жылдың серпілісіне айналды. Сандал өзін мықты әнші ретінде танытып, көптеген жанкүйерлер тапқан. Ол әлемде "All My Life", "Moonlight" және "İsyankar" атты әндерімен танымал.
Олай болса өнер жұлдызының ерекше хиттерінен ләззат алуға дайындалыңыз!
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"